09
Желтоқсан
2024
“Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік”
9 желтоқсан күні 2 “Ә” сыныбында Қауіпсіздік сабағының келесі тақырыбына- “Мұз айдынындағы қауіпсіздік” сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: мұз айдынындағы қауіпсіздік ережелері туралы мәлімет беру, есту, көру арқылы өз бетінше логикалық қабілетін арттыру болды. Қауіпсіздік сабағы “Мұз айдынындағы қауіпсіздік ережелерін білеміз бе?” сұрағына ой қозғаудан басталды. Мұз өте қауіпті екені түсіндіріліп, мұз айдынындағы қауіпсіздік ережелерін есте сақтап жаздырылды.



















