📜🎓"Заң және тәртіп" театрландырылған қойылымы./Театрализованное представление "Закон и порядок". » Дарынды балаларға арналған валеологиялық школа
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
"Дарынды балаларға арналған валеологиялық
мамандандырылған мектеп-кешенi"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7 (7232) 22-60-89
Бухгалтерия:
+7 (7232) 22-60-89
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » 📜🎓"Заң және тәртіп" театрландырылған қойылымы./Театрализованное представление "Закон и порядок".
21
Қаңтар
2025

📜🎓"Заң және тәртіп" театрландырылған қойылымы./Театрализованное представление "Закон и порядок".

Бүгін 1-2 сынып оқушылары "Заң және тәртіп" атты театрлық қойылымға қатысты. Бұл қойылым тек қызықты ғана емес, сонымен қатар көп нәрсе үйретті! Қойылымның алғашқы минуттарынан бастап балалар Заңның ғажайып әлеміне кіріп, оларды Заң Патшасы қарсы алып, заңдарды сақтау мен бір-біріне құрмет көрсету қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Сондай-ақ, көрермендердің назарында мына кейіпкерлер болды: мейірімді әрі әділ Тәртіп сақтау Ханшайымы, ол балаларға қоқыс тастамауды, достарына көмек көрсетуді және адал болуды еске салып, тәртіптің әрқашан кішкентай әрекеттерден басталатынын айтты; Дана Үкі, ол ережелердің қалай жұмыс істейтінін, не үшін қажеттігін және адамдарға тату-тәтті өмір сүруге қалай көмектесетінін түсіндірді. Сонымен қатар, көңілді кейіпкерлер Түлкі мен Қоян да сахнада болды. Түлкі тәртіп ережелерін бастапқыда қабылдамаса да, Дана Үкі мен Тәртіп сақтау Ханшайымының ақыл-кеңестерінен кейін адамдарды алдау дұрыс емес екенін түсінді. Ал Қоян өзіне тән мейірімділік пен қамқорлықпен барлығына жанашырлық пен құрмет көрсету маңызды екенін көрсетті. Балалар қойылымнан жақсы көңіл-күй мен жаңа білімдер алып қайтты, тіпті кейбіреулері Дана Үкідей дана немесе Тәртіп сақтау Ханшайымы сияқты әділ болуды армандағандай болды.
Сегодня ребята 1 и 2 классов побывали на  театрализованном представлении под названием "Закон и порядок". Оно оказалось не только интересным, но и очень поучительным! С первых минут ученики попали в волшебное Королевство Закония, где их встретил Король Закония, рассказывающий о том, почему важно соблюдать законы и уважать друг друга. В гостях у ребят также были: Принцесса Правопорядка – добрая и справедливая героиня, которая напомнила всем, что порядок везде начинается с маленьких поступков: не мусорить, помогать друзьям и быть честным; Мудрая Сова, которая с лёгкостью объясняла даже самые сложные вещи: как работают правила, почему они нужны и как они помогают жить всем вокруг дружно и спокойно. Не обошлось и без весёлых героев – Лисички и Зайчика. Лисичка сначала не принимала  правила порядка, но благодаря объяснениям мудрой Совы и Принцессы Правопорядка она поняла, что обманывать людей нельзя. А Зайчик поразил всех своей добротой и вниманием: он показал, как важно быть чутким и уважать окружающих. Дети покидали праздник с улыбками и новыми знаниями, а некоторые, кажется, уже мечтали стать такими же мудрыми, как Сова, или справедливыми, как Принцесса Правопорядка.










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив