03
февраль
2025
«Қауіпсіз ойындар. Үйдегі ойындар: қауіпсіздік шараларын сақтаймыз!»

Оқушыларды үйдегі қауіпсіздік жағдайларымен таныстырып, оларды сақтықпен өмір сүруге, қауіпсіздік ережелерін ұстануға және тәртіпті болуға үйрету мақсатында 3 ақпанда 2 «Ә» сыныбында «Үйдегі қауіпсіздік: қауіпсіздік шараларын сақтаймыз» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар сұрақ-жауап арқылы өз бөлмелерін және онда орналасқан заттарды сипаттап берді. Сақтыққа қатысты «Сақтықта қорлық жоқ», «Отпен ойнама, жанарсың; сумен ойнама, батарсың», «От - тілсіз жау» деген мақал-мәтелдермен танысты. Оқушылар дәптерлеріне үйдегі қауіпсіздік шараларын сақтау ережелерін жазып, оларды есте сақтады.