Құттықтаймыз!/Поздравляем! » Дарынды балаларға арналған валеологиялық школа
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
"Дарынды балаларға арналған валеологиялық
мамандандырылған мектеп-кешенi"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7 (7232) 22-60-89
Бухгалтерия:
+7 (7232) 22-60-89
Нашар
көрушілер нұсқасы
13
Маусым
2023

Құттықтаймыз!/Поздравляем!

Валеологиялық мектеп оқушылары үшін жаңа жеңістер! 2023 жылғы 9 маусым мен 14 маусым аралығында Валеологиялық мектеп оқушыларының командасы Алматы қаласында 2-4 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасына қатысты. Олимпиаданы ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Олимпиадаға республиканың барлық облыстары мен қалаларынан 46 команда қатысты. Ережеге сәйкес, олимпиада үш кезең бойынша өтті: 1 тур – «Әу, баста! (командалық есептер); 2 тур – «Көкпар» (командалық есеп); 3 тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке тест). Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Команда құрамында мектеп және Шығыс Қазақстан облысының атынан келесі оқушылар қатысты: 2 сынып – Оспанов Альтаир, 3 сынып – Дүйсен Алан, 4 сынып – Есбосынов Дияр. Топ жетекшісі Сасбаева Құндыз Рысбекқызы. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Оспанов Альтаир мен Дүйсен Алан 3-дәрежелі дипломдармен марапатталды. Мектеп командасы 3-ші командалық орынға ие болып дипломмен марапатталды. Сәтті өнер көрсетуіңізбен құттықтаймыз және жаңа жарқын жеңістер тілейміз! Оқушыларды дайындауға үлес қосқан ұстаздарға алғыс айтамыз!









Новые победы учеников Валеологической школы! 
С 9 по 14 июня 2023 г. команда школьников Валеологической школы принимала участие в республиканской математической олимпиаде «Бастау» для учащихся 2-4 классов в г. Алматы. Организатором олимпиады является республиканский научно-практический центр «Дарын» Министерства просвещения РК. 
В олимпиаде приняли участие 46 команд, представляющих все области и города Республики. Согласно правилам, олимпиада проводилась в три тура: 1 тур – «Әу, баста! (командный зачет); 2 тур – «Кокпар» (командный зачет);  3 тур – «Математическая байга» (устный личный зачет). По итогам олимпиады определены победители и призеры в индивидуальном и командном зачетах. 
В составе команды представляли школу и Восточно-Казахстанскую область следующие ученики: 2 класс – Оспанов Альтаир, 3 класс – Дүйсен Алан, 4 класс – Есбосынов Дияр. Руководитель команды – Сасбаева Кундыз Рысбековна. По итогам олимпиады дипломами 3 степени награждены Оспанов Альтаир и Дүйсен Алан. Команда школы награждена дипломом за 3 командное место. Поздравляем с успешным выступлением и желаем новых ярких побед! Благодарим педагогов, внесших вклад в подготовку учеников!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив