“Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу". 2025 жылдың 10 ақпанында 2 «Ә» сыныбында «Жасанды интеллект» тақырыбы бойынша қауіпсіздік сабағы өткізілді. Балаларға технология саласындағы ең маңызды өзгерістердің жасанды интеллектпен байланысты екені түсіндіріліп, оның мақсаты – адамдардың шынайы ойы мен сезімдерін білу және оларды басқару екені айтылды. Жасанды интеллект жүйелерінің қолданылу аясы, әсіресе робототехника саласында, кеңінен таныстырылды. ЖИ – бұл компьютердің адамдарша ойлау қабілеті екенін түсіндірді. Сонымен қатар, оқушыларға жасанды интеллектінің пайдасы мен қауіптері туралы ақпарат берілді. «Әлеуметтік желілер қаншалықты қауіпті?» деген сұрақ бойынша пікір алмасу жүргізілді. Сабақ барысында оқушылар топтық және жеке жұмыстарға қатысты. Сабақ соңында балалар өздерінің түсінгендері бойынша көңіл-күйлерін білдірді.