Жаңа дәстүр/Новая традиция » Дарынды балаларға арналған валеологиялық школа
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
"Дарынды балаларға арналған валеологиялық
мамандандырылған мектеп-кешенi"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7 (7232) 22-60-89
Бухгалтерия:
+7 (7232) 22-60-89
Нашар
көрушілер нұсқасы
10
Қыркүйек
2025

Жаңа дәстүр/Новая традиция

Бүгіннен бастап Валеология мектебінде жаңа дәстүр бастау алды: әр сейсенбі сабақтар таңғы жаттығудан басталады! Бұл бастама Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен оқушылардың қимыл-қозғалыс тапшылығының алдын алу және денсаулықты сақтау тәсілін іске асыру мақсатында өткізіліп отыр. Жаттығу оқушылар мен ұстаздарды біріктіреді: барлығы музыка әуенімен қарапайым қимылдар жасап,  көтеріңкі көңіл күйде орындайды. Бұл жаттығу сергітеді, денсаулықты нығайтады, шаршауды азайтады, зейінді арттырады әрі мектепте сергектік пен жағымды көңіл күй атмосферасын қалыптастырады. Енді әр сейсенбінің басталуы – қимыл-қозғалыс, қуат пен шаттық, ол бүкіл мектеп ұжымын біріктіретін дәстүрге айналды!

С сегодняшнего дня в Валеологической школе стартовала новая традиция: каждый вторник занятия начинаются с утренней зарядки! Инициатива проводится по поручению Министерства просвещения Республики Казахстан в целях реализации здоровьесберегающего подхода и профилактики недостаточной двигательной активности у школьников. Зарядка объединяет и детей, и педагогов: все выполняют простые упражнения под музыку, с улыбкой и хорошим настроением. Это помогает проснуться, укрепляет здоровье, снижает утомляемость, повышает внимание и создаёт атмосферу бодрости и позитивного настроя в школе. Теперь начало дня каждого вторника для нас - это движение, энергия и радость, которые сплачивают весь школьный коллектив!








Похожие публикации:

17 Қараша 2020 О ШКОЛЕ
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив